TruMan "Мен күніне нөл рет қатамын..."
KZRAP.KZ

Қош келдіңіз!

Последние темы
» ҚОтақбастар аллеясы-...
Пн Дек 16, 2013 11:48 am автор Almaz AKYN

» Қазақ рэпінің кемшіліктері
Пн Дек 16, 2013 11:39 am автор Almaz AKYN

» AwKaZaKPro SEMEIGE kawan keledi????????????????
Чт Янв 26, 2012 9:41 pm автор R1

» Maximum «Ең Батыл баттл-рэпер...»
Вс Янв 15, 2012 11:27 pm автор farakhat

» ReeGa [G-Force]
Вс Янв 15, 2012 11:23 pm автор farakhat

» MAXIMUM
Вс Янв 15, 2012 11:21 pm автор farakhat

» 5Life - Махаббаттан жалықтым (feat. Jay Solo)
Вс Янв 01, 2012 6:37 am автор AnD1

» РИГА айдахар флоу альбомы кашан шыгад?
Сб Дек 31, 2011 2:42 am автор KazaH-_-HerO)))))

» Maks [T-Life]
Ср Дек 21, 2011 7:42 pm автор T-Life **Maks**

Партнеры
Лейбл

Поиск
 
 

Результаты :
 


Rechercher Расширенный поиск


Вы не подключены. Войдите или зарегистрируйтесь

TruMan "Мен күніне нөл рет қатамын..."

Перейти вниз  Сообщение [Страница 1 из 1]

Admin


Admin


TruMan – бұл орындаушы жайлы әрқилы пікір бар. Біреу оны «байсалды емес», ал бірі «қатықбас, балықбас» немесе «қуғынбай» деп жатады. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің басқада артистері сықылды, TruMan да Қазақстан Хип-Хоп олимпын елді таң қалдырып алған болатын... Ол өте дарынды тұлға болғандықтан оның бойынан қазаққа тән ұялшақтықты немесе тартыншақтықты таппайсыз. Бұған дәлел әйгілі «Пішту» атты бейнеклип... TruMan – нағыз өнерлі адам, сондықтанда эксперименттер жасаудан қорықпайды. Өзінің дебюттік «Мамба Хуямба» альбомымен Қазақстан рэпінде бірегей жаңа стильдің тұғырын бекітті. Аталған релиздегі «Мамба Хуямба», «Ақша дайында», «Виртуалды махаббат» атты хит әндері кеңінен таралып, Қазақстанның үлкен сұранысқа ие МСлердің қатарына кірді. «Мамба Хуямба» альбомында лирикалық әндер бар болса да, бұл релизді тыңдарман көңілді альбом деп қабылдады. Бұдан кейінгі релиз TruMan-ның «көңілділігінің» себебін ашып берді. Бұл әрине «GanjaMan» атты екінші альбомы. Аталған альбом нағыз бомба болды! Әсіресе «Ganja Rap» атты Смиттимен қосылып айтқан әні тыңдарман қауымының ыстық ықыласын берді. TruMan-ның шығармашылық тұрғыдан өскені, шеберлігінің шыңдалғаны «GanjaMan» альбомынан нақты көрініс тапқан. Одан кейінгі шыққан релизі, яғни «MDA» жобасының атынан «Аса Қауіпті Одақ» альбомы жарық көрді. Бұл альбомдағы «Қош, Махаббат» әніне түсірілген бейнеклип мыңдаған тұрақты тыңдарманның жүректеріне жол тапты. Бұған «Kiwi.kz» сайтындағы қарау саны мен пікірлер дәлел. TruMan - өте еңбекқор орындаушы. Себебі жоғарыда айтып кеткен дүниелердің бәрін ол бір-ақ жылда жасады! Қазір TruMan тұрақты тыңдармандары, жанкүйерлері және хейтерлері бар сәтті жоба. Бұл біріншіден TruMan-ның дарыны мен еңбегінің, екіншіден «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің керемет менеджментінің жемісі. Бірақ біз TruMan-ның тек шығармашылығымен ғана таныспыз, ал шын өмірі жайлы ештеңе білмейміз. Осы олқылықты жоюымыз қажет...


Салам TruMan! Қалың қалай?

Салам, нәрмальне. =)

Бүгін қатқан жоқсың ба? =)

Бүгінде қатқан жоқпын кеше де қатпадым , 1 ай болды қатпағаныма. =)

«ASH ҚаZаҚ-қа» дейін сенің «MadKen» болғаныңды білеміз. «A.K.Pro-ға» кіргенде атыңды ауыстыруға не себеп болды?

Лейбл әкімшілігі бұрынғы лақап атымды тым қарапайым деп шешкен соң, атымды «TruMan» деп өзгерттік. Менің ойымша жаңа лақап атым өзіме жарасады.

Ел әбден жалыққан сұрақ, «ASH ҚаZаҚ Pro» лейбіліне қалай кірдің? Өзің келдің бе? Әлде шақырту алдың ба?

Негізі мен IV Ресми Қазақ Хип–Хоп Баттлына қатысып, 3 раундта ұшып кеткен болатынмын. Кейінірек баттл аяқталған соң, Бауыржан Сармахам менің баттл трэктерімді кездейсоқ қайта тыңдап қалып, менде потенциал бар екен көріп маған шақырту жіберді.

Енді әңгімені бірінші альбомың «Мамба Хуямба» жайлы өрбітсек, неге атын бұлай қойдың?

Бір күні Хит TV-ді қарап отырғанда «Ленинград» тобының бейнеклипін көріп қалдым. Сол бейнеклипінде олар осы «Мамба–Хуямба » деген сөзді айтады. Сол ән маған ерекше шабыт бергендіктен альбомның атын осылай қойдым. Сосын «Мамба-Хуямба» сөзі менің болмысым сияқты бір жағынан дөрекілеу, екінші жағынан көңілді көтеретін сөз ғой! Хе–хе! =)

Lady Gaga-ға көзқарасың қалай? Шығармашылығы ұнай ма?

Ұнамайды, бірақ шығармашылығын сыйлаймын.

Сенің «Пішту» бейнеклипінде сол Lady Gaga-ның «иісі» шығып тұрған сияқты. Неге десең, Lady Gaga да ерекше болуды діттейді, сен де. Сенің пікірің?

Бұл не деген сандырақ?! Ерекше болғым келетіні рас, бірақ Lady Gaga-ға ұқсаудан Құдай сақтасын!

Камераның алдында ұялған жоқсың ба? Жалпы клип шыққанда достарың, туыстарың ештеңе деген жоқ па? Өзіңе «Пішту» бейнеклипі ұнады ма?

Несіне ұяламын?! Бейнеклипті өзіміздің жігіттер түсірді. Содан соң бұл менің шығармашылық образым. Бәрі жақсы, әрине түсінбейтіндерде болды , бірақ түсінетіндер басым. Әрине бейнеклипте кемшіліктер көп, алайда бұл менің тырнақалды жұмысым болғандықтан қатал сынауға болмайды.

«Мамба Хуямба» альбомындағы сенің ең сүйікті әнің...

«Ақша Дайында» және «Виртуалды Махаббат».

«Виртуалды Махаббат» әні шын өмірден алынған ба? Әлде ақынның қиялынан туған дүние ме?

Ия, шын өмірден алынған. Осы әнді арнаған ару – менің алғашқы және соңғы махаббатым. Тоғжан, мен сені сүйемін!!!

«Фит керек болса ақша дайында» деп жырлайсың... сенімен фит қанша тұрады?

Менімен фит – 10.000 тенге, яғни бір куплет.

Шыныңды айтшы, «GanjaMan» образына ауысуға не себеп болды? Бұған «Центр» тобы немесе Гуфтың қатысы жоқ па?

Гуфтың ықпалы болмады деу жөнсіз болар, бірақ та көшірме болудан аулақпын. Бұл стиль менің қайталанбас стилім...

Смитти екеуіңнің «Ganja Rap» әндерің өте сәтті шықты. Өте жақсы ән. Алайда жастарға есірткіні қолдануды үгіттеуді дұрыс деп санайсың ба?

Ия, біздің әнімізде үгіттеу бар, бірақ есірткіні емес. Ол әнде біз есірткінің жаман тұстарын, денсаулыққа зиян екенін және алдамшы ләззат беретіндігін жырлаймыз. Сондықтан жастар есірткі қолданбаңдар, сендердің орындарыңа біз қолданамыз!!! Хе–хе! =)))

«GanjaMan» - бұл өте сәтті образ... бірақ осы бір образда қамалып қалам деп қорықпайсың ба?

Әрине қорқамын. Барлық өнер адамдары шектелуді ұнатпайды. Болашақта мүмкін бұл образымда ауысар...

Жалпы ән жазу үшін шабытты қайдан аласың? Қатықтан ба? =)

Мен шабыттым белгілі бір нәрсеге тәуелді емес, күтпеген жерден келіп қалады.

Бір күнде қанша рет қатасың? =)

Күніне нөл рет қатамын... =)

«Көп қатпаймын» дейсің... ал атың «TruMan» яғни «шынайы, адал адам» деген мағына береді... Сонда әндеріңде «қатып аламын, қатықбаспын» деп тыңдарманды алдағаның ба?

Бұрын көп қататынмын, соңғы уақыттарда қатсам терең ойға батып, көңіл-күйім түсіп кетеді. Сондықтан қазір қатуға аса зауқым жоқ. Бірақ егерде біреу тегін қатық беріп жатса «кет әрі» емеспін. =)))

Түсінікті. «Most Def Alliance» жайлы сөйлесейік. RipAsco және Мигельмен жұмыс істеу қалай екен? Жалпы өзіңе осы жоба ұнай ма?

Оңай әрі тез тіл табысып кеттік. Жалпы топта жұмыс жасау рахат екен.

«Аса Қауіпті Одақ» альбомындағы «Қош, Махаббат» әні сөзсіз хит... Осы әндегі куплетіңді кімге арнадың?

Ол бұрынғы оқиға. Мен өткенімді еске түсіргім келмейді. Жалпы ол қыз жайлы әңгімелесудің мәні жоқ.

Ал «Қанмен жазылған трек» атты әнінде сен бізге белгісіз бір тілде оқисың. Бұл қандай тіл? =)

Бұрындары мен ғарышқа ұшып жүргенімде, бөгде планеталықтармен кездесіп әңгімелесуші едім. Сол қанмен жазылған трэкте мен сол кездесу жайлы «Марс» планетесының тілінде жырладым.

Тағы сол альбомда Айжанка Homie атты арумен қосылып айтқан «Аукцион» әнінде сен «...Ойнақтаған тіліммен саған ләззат сыйлаймын...» дейсің. Мұны қалай түсіндіресің?

Бұл сөздерді ұятсыз мағынада қабылдаудың қажеті жоқ. «ТруМанның тілі бал» демекші, мен өзімнің әсерлі, әдемі, нәзік сөздеріммен аруларға эстетикалық және рухани ләззат сыйлаймын. Бірақ мені бәдік деп ойлап қалмаңыздар.


«Аса Қауіпті Одақ» альбомындағы «Түнек тұтқындары» әнінде ШиZа қайдан тап болды?

Күтпеген жерден...

Бұл ШиZамен сенің бірінші бірлескен ән емес екені белгілі. Жалпы ШиZаның дінге деген көзқарасын қолдайсың ба?

Қолдаймын...


ШиZа деген ШYNGYS па?

Жоқ. ШYNGYS айтпақшы екеуі екі бөлек әлем.

Жалпы ШYNGYS қандай адам? Қатал ма? =)

Жоқ, қатал емес, қарапайым адам.

Алда сенен не күтеміз? Болашақ жоспарлар қандай?

Қазіргі таңда мен үшінші жеке альбомымды дайындаудамын, бұл альбом ресми болмақ.. Сонымен қатар «Most Def Alliance» жобасымен тағы бір дүние жасағалы жатырмыз. Жалпы жұмыс қайнауда. Уақыты келгенде бәрін білесіздер.

Жеке альбомыңды қашанға жоспарлап отырсың?

Көктемнің аяғына жоспарлап отырмыз, алайда нақты уақыты белгісіз.

Рахмет, TruMan! Біздің порталдың оқырмандарына тілектерің бар ма?

Бәріңе құрмет , ТруМанның тру рэптерін тыңдаңыздар, ҚАТПАҢДАР!!! .

http://kzrap.2x2forum.ru

Вернуться к началу  Сообщение [Страница 1 из 1]

Права доступа к этому форуму:
Вы не можете отвечать на сообщения

 

Создать форум | © PunBB | Бесплатный форум поддержки | Контакты | Сообщить о нарушении | Создать свой блог