Smitty «St1m синдромы» деген қызық екен!
KZRAP.KZ

Қош келдіңіз!

Последние темы
» ҚОтақбастар аллеясы-...
Пн Дек 16, 2013 11:48 am автор Almaz AKYN

» Қазақ рэпінің кемшіліктері
Пн Дек 16, 2013 11:39 am автор Almaz AKYN

» AwKaZaKPro SEMEIGE kawan keledi????????????????
Чт Янв 26, 2012 9:41 pm автор R1

» Maximum «Ең Батыл баттл-рэпер...»
Вс Янв 15, 2012 11:27 pm автор farakhat

» ReeGa [G-Force]
Вс Янв 15, 2012 11:23 pm автор farakhat

» MAXIMUM
Вс Янв 15, 2012 11:21 pm автор farakhat

» 5Life - Махаббаттан жалықтым (feat. Jay Solo)
Вс Янв 01, 2012 6:37 am автор AnD1

» РИГА айдахар флоу альбомы кашан шыгад?
Сб Дек 31, 2011 2:42 am автор KazaH-_-HerO)))))

» Maks [T-Life]
Ср Дек 21, 2011 7:42 pm автор T-Life **Maks**

Партнеры
Лейбл

Поиск
 
 

Результаты :
 


Rechercher Расширенный поиск


Вы не подключены. Войдите или зарегистрируйтесь

Smitty «St1m синдромы» деген қызық екен!

Перейти вниз  Сообщение [Страница 1 из 1]

Admin


Admin


Smitty – қазіргі жұпыны қазақ рэпінің үміті... Smitty – әйгілі «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің артисті. Smitty – әйгілі «G-Force» жобасының белді мүшесі.

Қанжығасында:
G-Force «Рэп-Қырылыс» [2009]
Smitty «KZ Monkeys» [2009]
Smitty & Maximum «East Side» [2010]
G-Force «Қаруыңды таста!» [2010]
Smitty «SuperFlow» [2011]
Smitty «GhettoРомантик» [2011]



Оның шеберлігіне дау жоқ МС, алайда көптеген тыңдармандар Smitty-дің «чики-пукиларының» ар жағында тұлғаның, еңбектің, аққан тердің тұрғанын елей бермейді. Рэптегі «Smitty» мен өмірдегі «Алмастың» айырмашылығы қандай? Smitty тректеріндегідей өмірде де көңілді жігіт пе? Тағы да көптеген көкейде жүрген сұрақтарды Smitty-дің өзінен сұрап жауап алайық.



Иә, Смитти, бастайық... Сонымен Алматыға қашан көшіп келіп едің?

Осыдан 9 жыл бұрын.

Өзің туған қалаң Өскеменде рэппен айналыстың ба?

Менің рэп жолым сол Өскеменде басталған болатын.

«A.K.Pro» лейблімен ұйымдастырылған баттлға қатысуға не итермеледі?

Басында A.K.Pro II-ші ресми баттлына қатысып, өзімді сынап көрейін дегенмін, бірақ өзіме сенімсіз болғандықтан қатыспадым. Ал III-ресми A.K.Pro баттлына мені итермелеген Айдын деген бөлем болатын. 1-2 раундты Алматыда үйде жазғанмын. Сосын жаз келіп, Өскеменге демалуға кетіп қалдым. Компьютерім Алматыда, ал мен Өскеменде, 3-ші раундқа жазатын жер таппай, өзіме «мен лузермын, қатыспаймын енді ешқашан» деген едім. Бірақ 3-ші раундқа мәтін мен минусовка дайын жатқан. Баттл трегін тапсыруға 2 күн қалғанда жолым болып, бір туыс бала өз компютерін маған 3 айға тастап кетеді. Сосын жазылып, трегімді тапсырып, ары қарай 4-ші раундта ReeGa-мен кездесемін.

Неге «G-Force»? Бұл топта ReeGa қайдан тап болды?

ReeGa екеуіміз 4-ші раундта кездескенде A.K.Pro баттлының әділ-қазылары бізге өз дауыстарын қатты ойланып беріп, 5-ші раундқа кім өтетінін әрең шешкен еді. Өйткені екеуімізде оларды таңғалдырған бифф жасаған едік. Содан кейін, қазіргі продюссер ағамыз Шыңғыс Әлкеев бізге шақырту жіберіп, A.K.Pro құрамына алды. Сөйтіп ReeGa екеуімізді қосып, «G-Force» жобасына айналдырды. Қазіргі таңда біз А.K.Pro лейблінің хэдлайнер жобаларының біріміз. Сонымен қатар жалпы Қазақстандағы ең сәтті және ең танымал қазақ тілді хип-хоп жобамыз. Иә... бұл мақтанғаным емес, бұл ақиқат...

«Y.C.Pro-ға» көзқарасың?

Білмеймін «Y.C.» не жасап жүргендерін, әйтеуір дендері сау, бастары аман болсын!

Бәрімізге белгілі, «Кащей» екі жыл бойы «Алматыға келіп сендерді төңкеремін!!!» деп талай шыңғырып еді ғой. Келді ме? =)

Келу-келмеуі маған маңызды емес, себебі менің дәрежемдегі адам емес... келген жоқ.

Өзіңе «Қаруыңда таста» альбомы ұнады ма?

Әрине. Бұл керемет альбомды қалай ұнатпасқа?! Альбомның шыққанына 6 ай өтседе, әлі де плеерден тастамадым.

«Қаруыңды таста» альбомын жасауға қанша уақыт кетті?

8 ай шамасында жұмыс істедік, осы альбомды екі адам болып жазсақта, өмірімді алғашқы рет қиналып кеттім... Шабыт болмай қиналғам жоқ, шабыт ұрып тұрды ғой! Негізінде бұл «Қаруыңды таста» альбомын екі рет жаздық десекте болады. Альбомды бітіріп Шыңғысқа тыңдаттық, бірақ оған альбом ұнамады. Сөйтіп альбомның концепциясын қайта қарастырып, қайта жазуға тура келді. Нәтижесін баршаңыз тыңдадыңыздар. =)

«G-Force» жобасынан тағы релиздер бола ма?

Бұл әлі белгісіз, себебі бар уақытым жеке ресми альбомым «GhettoРомантикке» жұмсалды. ReeGa да қазақша ресми альбом жазып жатыр. Жалпы жоспарлар өте көп, бірақ олар жайлы уақыты келгенде біле жатарсыздар.

«SuperFlow» альбомың өте керемет болып шығыпты. Ал енді «GhettoРомантик» атты жеке ресми альбом жазып шығардың. «ASH ҚaZaҚ Pro» лейблінің артистері инкубатор секілді, альбомнан альбом!

Рахмет бро! «GhettoРомантик» альбомы ресми болған соң қарбалысы көп болды. Бұл альбомға кәдімігідей кірісіп нағыз сапалы тректерді дайындадым. Сатылымға енді шықты, жәй-жәй бүкіл Қазақстанға таралуда...

Бұл альбомда фиттер мол шығар...

Фиттар бар. Бірақ, шеттен келген қонақтар аз.

Келесі сұрақ, сендер яғни «A.K.Pro» артистері негізінде репрезенттік, биффтік МСлер едіңдер. Ал қазір бәрің жаппай лирикаға көшіп кеттіңдер, ШYNGYS «Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы», сен «GhettoРомантик»... «St1m синдромы» байқалады, не дейсің?

«St1m синдромы» деген қызық екен! =) Білмеймін, адам болған соң барлық нәрседен жалығасың... сол сияқты бифф, репрезенттен шаршадым, тыңдарманда шаршады. Жаңа ерекше дүние жасаған әрқашанда қызық қой!

«GhettoРомантик» альбомынан соң сенің екінші лақап атың «Black Solo-дан» EP альбом шығады деген сыбыс естідім. Бұл қаншалықты рас?

Иә, бұл рас... алайда лейбл әкімшілігімен ақылдаса келе бұл релизді шығармауды ұйғардық...

Келесі сұрағым... сендерге күніне он дисс шығады деп айтсам артық болмас. Бірақ НЕГЕ сендер мыңғырған дисстердің ішінен ешкімге белгісіз Аш Қасқыр атты рэппердің дисстеріне жауап беріп, оны көкке көтердіңдер?

Бұл жігіт лейбл әкімшілігіне хабарласып пиар жағынан көмек беруді сұрады. Біздің талаптарды толық орындаған соң біз оған жәрдем бердік.

Аш Қасқырдың пиар үшін 300$ төлегені рас па?

Төлегені рас, бірақ әле толық соманы берген жоқ. 300$ - бұл 45 000 теңге, ал Аш Қасқыр бауырымыз бұл соманың тек 30 000 теңгесін аударды...

Аш Қасқыр бауырым, ұят қайда? Қарызыңды қайтарсаңшы... банктегі шотты білесің... білмесең маған хабарлас, телефонымды білесің.

Ресейлік баттл «In Da RnB III» баттлына қатысасың ба?

Оның маған қажеті қанша?! Мен орысша оқымаймын ғой!

Орыс тілінде тректер бола ма?

Кейде әзілдеп скит жазатын шығармын, бірақ орысша оқығым келмейді. Жоқ!

Сенің бұрынғы «MusСlan» атты шығармашылық бірлестіктегі жігіттермен әлі де араласасың ба?

Әрине, мен олармен араласып тұрамын.

Уақыт бөліп сұрақтарыма жауап бергенің үшін рахмет саған. Тағы не айтқың келеді?

Оқасы жоқ қой. =) Тек True Rapты тыңдаңдар, достар! Сау болыңдар!


Автор: Galaxyboy

http://kzrap.2x2forum.ru

Вернуться к началу  Сообщение [Страница 1 из 1]

Права доступа к этому форуму:
Вы не можете отвечать на сообщения

 

Создать форум | © PunBB | Бесплатный форум поддержки | Контакты | Сообщить о нарушении | Blog2x2.ru