Интервью: ШиZа "Мен ең иманды рэпермін..."
KZRAP.KZ

Қош келдіңіз!

Последние темы
» ҚОтақбастар аллеясы-...
Пн Дек 16, 2013 11:48 am автор Almaz AKYN

» Қазақ рэпінің кемшіліктері
Пн Дек 16, 2013 11:39 am автор Almaz AKYN

» AwKaZaKPro SEMEIGE kawan keledi????????????????
Чт Янв 26, 2012 9:41 pm автор R1

» Maximum «Ең Батыл баттл-рэпер...»
Вс Янв 15, 2012 11:27 pm автор farakhat

» ReeGa [G-Force]
Вс Янв 15, 2012 11:23 pm автор farakhat

» MAXIMUM
Вс Янв 15, 2012 11:21 pm автор farakhat

» 5Life - Махаббаттан жалықтым (feat. Jay Solo)
Вс Янв 01, 2012 6:37 am автор AnD1

» РИГА айдахар флоу альбомы кашан шыгад?
Сб Дек 31, 2011 2:42 am автор KazaH-_-HerO)))))

» Maks [T-Life]
Ср Дек 21, 2011 7:42 pm автор T-Life **Maks**

Партнеры
Лейбл

Поиск
 
 

Результаты :
 


Rechercher Расширенный поиск


Вы не подключены. Войдите или зарегистрируйтесь

Интервью: ШиZа "Мен ең иманды рэпермін..."

Перейти вниз  Сообщение [Страница 1 из 1]

Admin


Admin


Қадірменді www.kzrap.kz порталының оқырмандары, сайт әкімшілігі сіздердің назарларыңызға ШиZаның эксклюзивті сұхбатын ұсынады. Баршаңызға белгілі «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблы өзінің «ШиZа» атты жобасының «Атаңның басы» релизімен бүкіл ҚазРэпті дүрліктіріп, тыңдармандарға «шоковая терапия» жасаған болатын. Осы сұхбат арқылы сіздер құпияға шырмалған ШиZаның шынайы келбетін біле аласыздар.


Ассалаумағалейкум ШиZа! Қалыңыз қалай?

Сәлем! Жақсымын.

«Атаңның басы» атты релизіңіз тыңдармандарды шошытып жіберді десекте болады. Осындай релизді шығаруға нендей қажеттілік туды? Мәні неде?

Мен бұл релизді өзімнің жанымда жиналып қалған толғаныстарды бұқараға жеткізу үшін жаздым. Мен сияқты ойлайтын адамдар аз емес. Алайда олар ойларын ашық айтуға қаймығады. Қоғамнан қаймығады. Баршаңа айтарым, достар, біз зайырлы мемлекетпіз, яғни дін мемлекеттен бөлек. Біздің қоғамның көп бөлігінің санасы әлі де қараңғы... Біздің қазекем «аборигендер» сияқты түсінбейтін, я болмаса үйреніспеген нәрсесінен «астафыралла» деп үркиді де жүреді. Түсінуге, ойлануға тырыспайды. 21 ғасыр емес пе?! Қазекем әрдайым заманнан қалысып жүреді. Ұлы Абай атамыз қазақтың надандығы жайлы өлгенше күйіне толғады емес пе?

Сізді көбісі «имансыз, кәпір» дейді, осыған көзқарасыңыз?

Кәпір?! (күлді) не дейін? Онда маған «джихад» жарияласын! Қасыма келіп «Аллаху акбар!» деп өздерін жарып жіберсін! Расын айтқанда мен өзімді Қазақстандағы ең ИМАНДЫ рэпермін деп ойлаймын. «Иманды» сөзінің негізгі мағынасы «адал, таза» дегенді білдіреді емес пе? Ал мен халыққа АДАЛМЫН, яғни ойымды ашық айттым. Қоғамның пікіріне «тоңқайған» жоқпын. Кейбір рэперлер қоғамның қысымына ілігіп дін жайлы, имандылық жайлы әндер жасап жүр... әндерінде мұсылман, шын өмірде растаман! (күлді) мен мұндай адамдарды түсінбеймінде, сыйламаймын да...

Сонымен қатар сіз «Құдай жоқ!» деп айтты деп жүр... осы рас па?

Бұл жалған. Менің барлық әндерімді тыңдап көріңіз, мен бірде бір әнде «Құдай жоқ!» деп айтқам жоқ... Егер менің «Жалынамын кешір» әнін тыңдаған болсаңыз, онда мен Құдайдан «...жалынамын кешір, құлың бола алмаймын!...» деп айтамын. Мен Құдайға сенемін, бірақ дінге үзілді кесілді қарсымын. Міне қараңыз, Ислам діні Христиан дінін мойындайды. Алайда екеуі бір Құдайдың діні болсада екіншісіне ауыссаң үлкен күнә болып есептеледі. Бұл күлкілі ғой, екі дінде бір Тәңірдікі емес пе? Менің ойым, дін Құдайдікі емес, дін адамдар ойлап тапқан саяси құрал ғана.

Сіз әндеріңізде «Құдайға құл емеспін» бірақ «Құдайды құрметтеймін» дедіңіз. Бұл қалайша? Құдайды құрметтеу дегеніміз оның «құлы» болу деген емес пе?

Ия, мені сөзбен ұстамақсыз ба? (күлді) менің сенімім бойынша тек қорыққан ғана құл болады. Мен Құдайдан қорықпаймын. Мен оны құрметтеймін. Мен біздің «молдасымақтардың» уағызын түсінбеймін. Имамдарда «Алладан қорқу керек!» дейді, ешкім «Алланы құрметтеу керек» демейді... Имамдар «Алладан қорқу керек!» дей тұра «Алла мейірімді» дейді... Мейірімдіден не үшін қорқуымыз керек?! Тек қорқыныштыдан қорқу керек емес пе? Олардың уағыздарындағы осы керағарлық менің күлкімді келтіреді.


Алдағы жоспарыңыз, бейнеклип немесе релиз шығару ойыңызда бар ма?

Бұл сұраққа әзірше нақты жауап бере алмаймын...

Сіз неге өзіңізді жасырын ұстайсыз? Неге кем дегенде келбетіңізді көрсетпеске?

Қажеті қанша? Менің ойымды ұғыну үшін түрімді көру қажет емес деп ойлаймын. Сонымен қатар инкогнито болсаң халық көбірек бағалайды, қызығады. Сын айтсада жекебасқа кетпейді.

Сіздің «Жаратушы мейірімді» атты әніңізді халық дұрыс түсіне алмай жүр. Бұл ән мадақтау ма? Әлде сарказм ба?

Әрбір тыңдарман қалай қабылдағысы келсе солай қабылдасын. «Жаратушы мейірімді» әніндегі оқиғалар шын өмірден алынған. Бірінші куплеттегі оқиға еліміздің солтүстігіндегі жетімдер үйінде болған. Ал екінші куплеттегі оқиға менің Нағашы атам жайлы... біздің көз алдымызда сөнді...

Сыбыстар бойынша сізді кейбіреулер «ШYNGYS» дейді, кейбіреулер оның туысы дейді. Осы жайлы айта кетсеңіз...


Пендеки тұрғыда байланысымыз бар, алайда рухани жағына ол мүлдем басқа адам.

Біздің порталдың оқырмандарға не тілейсіз?

Ешқашан ешкімнен қорықпаңдар, қоғамға «тоңқаймаңдар»! Тобырдың бірі болмай, даралықты сақтаңдар. Сенімдерің еріктеріңе бөгет болмасын! Қанша дегенмен еркіндік сүйгіш Ұлы Көшпенділердің ұрпағымыз ғой!


http://kzrap.2x2forum.ru

Вернуться к началу  Сообщение [Страница 1 из 1]

Права доступа к этому форуму:
Вы не можете отвечать на сообщения

 

Создать форум | © PunBB | Бесплатный форум поддержки | Контакты | Сообщить о нарушении | Создать дневник