Домалақ а.к.а Бико: «...Құдайға сенемін. Дінді ұстанбаймын...»
KZRAP.KZ

Қош келдіңіз!

Последние темы
» ҚОтақбастар аллеясы-...
Пн Дек 16, 2013 11:48 am автор Almaz AKYN

» Қазақ рэпінің кемшіліктері
Пн Дек 16, 2013 11:39 am автор Almaz AKYN

» AwKaZaKPro SEMEIGE kawan keledi????????????????
Чт Янв 26, 2012 9:41 pm автор R1

» Maximum «Ең Батыл баттл-рэпер...»
Вс Янв 15, 2012 11:27 pm автор farakhat

» ReeGa [G-Force]
Вс Янв 15, 2012 11:23 pm автор farakhat

» MAXIMUM
Вс Янв 15, 2012 11:21 pm автор farakhat

» 5Life - Махаббаттан жалықтым (feat. Jay Solo)
Вс Янв 01, 2012 6:37 am автор AnD1

» РИГА айдахар флоу альбомы кашан шыгад?
Сб Дек 31, 2011 2:42 am автор KazaH-_-HerO)))))

» Maks [T-Life]
Ср Дек 21, 2011 7:42 pm автор T-Life **Maks**

Партнеры
Лейбл

Поиск
 
 

Результаты :
 


Rechercher Расширенный поиск


Вы не подключены. Войдите или зарегистрируйтесь

Домалақ а.к.а Бико: «...Құдайға сенемін. Дінді ұстанбаймын...»

Перейти вниз  Сообщение [Страница 1 из 1]

Admin


Admin


Домалақ а.к.а Бико: «...Құдайға сенемін. Дінді ұстанбаймын...»

Бұл орындаушы – тума дарын бұл сөзсіз. Өзінің позитивті тректерімен дүйімнің көңілін аулап Қазақ рэпінің ең ықпалды маңызды элементіне айналды. Бірақ сол «позитивті МС-дің» арғы жағында Байсалды, ақыл тоқтатқан жігіттің тұрғанын тыңдарман ойлай бермейді.


Сәлем Бико! Әлде Домалақ? Немесе Нұрлыбек?

Сәлем! Сәлем!

Неге «Рэп»?

Тупак...

«Кэни Уестттің» фанаты екенің рас па?

Ол да бар.

Айтшы, неліктен «Бико»?

Нұрлыбек... бек.. беко... Бико!

«ASH ҚаZаҚ Pro» лейблымен ұйымдастырылған Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлы жайлы пікірің? Жалпы осындай шара бізге қажет пе? Және де осы аталмыш шараны бақылап жүресің бе?

Лейблді баттлымен қоса қолдаймын. Мұндай шара өте қажет. Өзім қатысып көргендіктен білемін. «Домалақ» та сол баттлда дүниеге келді.

Бәріміз білеміз «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблымен ұйымдастырылған Үшінші Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлында «Домалақ» деген атпен шығып халықтың сүйіспеншілігне ие болдың. Осы «Домалақ» деген лақап атың «Биконы» басып кеткен жоқ па?

Шынымды айтсам, «Домалақ» басып кеткен сияқты. Соңғы кезде «Домалақтан» нигатив коп шығып кетті. Сондықтан бұрынғы «Биконы» қайта шығарам ба деген ойым бар.

«ASH ҚаZаҚ Pro» лейблымен ұйымдастырылған Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлына екі рет қатыстың. Біріншісінше Тарланнан жеңіліп екінші орын алдың. Сосын Үшінші Ресми Баттлда жеңімпаз атандың. Енді сұрақ аталмыш баттлға қатысуға не түрткі болды? Және де сол баттлдар саған белгілі бір «дивидиенттер, пайда» берді ме?

Түрткі болған нәрсе ол – өз-өзімді көрсетемін деген ниет. Пайдасы – жеңімпаз болғаным, маған рэпке деген интузиазм, яғни шабыт берді.

Сенің АҚШта оқитындығыңды білеміз, сен өзіңнің рэпіңді американдықтарға тыңдаттың ба? Олардың ойы қандай? Жалпы қазақ рэпі жайлы, Қазақстан жайлы ол жақта не ойлайды екен?

Өз трэктерімді тыңдаттым. Маған қызығушылық көрсеткен бір кісі болды. Өзі рок группада драммер екен. Бірге музыкамен айналысайық деді. Бірақ менің оқудан тіптен қолым босамады. 10 адамның 9-ы Қазақстан жайлы тіпті еш нәрсе білмейді.

АҚШта сені «Борат» деп мазақ еткен жоқ па?

Жоқ. Етіп көрсін!

Бәрімізге аян, сен әрқашанда «нейтралитет» ұстанатын жігітсің, алайда ұстанымың осындай бола тұра өзің бастаған «Масқара» тобына өзінің «беталды» дисс жазуымен белгілі МС Асаның қосылғаны түсініксіз. Осы жайлы айта кетсең...

Ия, мұндай сұрақтар бұрында да туған. «Неге Шыңғыс, неге Жақау?» деген. Мен рэпте адамнын арғы жағына, істеген істеріне, стиліне, тұрған жеріне, ұлтына, дініне, т.б. қарамаймын. Егер сол адамның шын ниетпен менімен фит жасағысы келсе, сол жарайды.

«Пах-Пах!» әнінің ремиксі бар екенін Айқын біледі ме? Ал Динара Қырықбаева саған хабарласпады ма? =)

Айқын егер интернетке жиі кіретін адам болса онда біледі. Динара хабарласқан жоқ! =D

Қазіргі қазақ рэпін ОНдық өлшеммен санасақ, қаншаға теңер едің? Және қазақ рэпі саған несімен ұнайды, я ұнамайды?

Көшенің қазақ рэпіне 10-нан 10 беремін. Хит ТВ-де жүргендерге 10-нан 1 беремін. Қазақ рэпінін ұнайтыны – жәйлап болса да дамып келе жатыр. Ұнамайтыны – тыңдарман тым аз.

Қазақ рэпіне белсенді атсалысып жүрген Шыңғыс, Damon, Smitty & ReeGa, Maximum, Шоқан атты тұлғалар жайлы пікіріңді айта кетсең...

Шыңғыс – енбекқор, дегеніне жететін кісі. Damon – рэпті жақсы оқиды. Smitty – талант. ReeGa – G-force тобынын өте маңызды бөлігі. Maximum – стилі, оқу мәнері жақсы рэппер. Шоқан – дегеніне ұмтылатын, ерекше рэп.

Қазақ рэпінде бетке ұстар жаңа толқын пайда болды. Мысалы: ESKO, Zhako, Таған, STS және т.б. Осы аталған жаңа толқын жайлы не айта аласың? Және сенің көзіңе ерекше түскен жас талаптарды тізіп өтсең...

Әр біреуіне тоқталмай-ақ қояйын. Себебі жыл сайын талай жаңа тұлғалар шығып-кетіп жатыр. Дегенмен Тағанды енді бұрыннан өздерін танып жатсындар ғой. Озімнің байқауымша халықтың әлі кұлағы жетпеген келешекте жанатын жарық жұлдыз туылып келе жаткан сияқты. Ол - Солақай!

Алдағы шығармашылық жоспарларың қандай?

Өкінішке орай ешқандай жоспар жоқ. Шабыт келіп жатса бірден шығып кетеді ғой.

Енді дін мәселесіне ойыссақ. Жалпы дінге көзқарасың қандай? Және қандай сенімді (Ислам, Христиан, Буддизм және т.б.) ұстанасың?

Құдайға сенемін. Дінді ұстанбаймын. Мен үшін дін – адамға тәрбие және білім беру, дұрыс жолға түсіру, жаманнан жақсыны айыра білу. Сондықтан менің дінім – менің анам және әкем, туған ағам және апам. Менің үйім – менің дінім.

Жақында «ШиZа» жобасы өзінің «Атаңның басы» атты релизімен елді дүрліктірген болатын. Осы жоба жайлы пікірің қандай?


Әрқайсына тоқталып тыңдағаным жоқ. Бірақ халық «Шиza! Шиza!» деп шулап жатыр. Қандай лирика болса да, ол Шиzaнын ішінен шыққан нәрсе. Осы интервьюда мен мысалы озімнін пікірімди айтып отырмын. Мен халықтың құлағына жағатындай емес, таза ойымды айтып отырмын. Сол сиякты Шиza-да өзінің пікірін айтты. Сондықтан қолдаймын.

«Дінсізде иманды болуға болады...» деген пікірмен келісесің бе?

100 пайыз келісемін.

Адамның бойындағы қандай қасиет саған ұнамайды?

Айта берсем ондай қасиеттер миллион. Қайсысынан бастарын білмеймін.

Енді өзіңнің сүйікті хоббиің жайлы айта кетсең (музыкадан бөлек). Сүйікті асың, қандай тамақ жасағанды сүйесің?

Сүйікті хобби көп – суретке тусіру және сурет салу. Суйікті асым – қуырдақ пен ұлы тағам.

Саған киімде не маңызды? Бағасы (қымбат, я арзан), брэнд немесе ыңғайлылығы ма?

Өзіме жарасатын және ыңғайлы киім болса болды. Бағасына қарамаймын. Бірақ брэндты білген артық болмайды.

Ал аруда ше?

Мені түсінетін болса болды. Ұлты мен сырты қызықтырмайды.

Гомосексуалисттерге көзқарасың...

Ол туралы көп ештеңе білмеймін. Менің ойымша ол физикалық емес, психологиялық ауру. Яғни ондай адамдар өсе келе соған айналады деп ойлаймын. Сондықтан ондай адамдар инвалидтер емес, яғни Құдай оларды ондай қылып жаратпаған. Сол үшін гомосексуализмди қолдамаймын.

Жақында қабылданған «Ұлт Көшбасшысы» (Лидер Нации) атты заңнамаға көзқарасың қандай? Жалпы саясатқа қызығасың ба?

Шынымды айтайын – саясаттың адамы емеспін.

Қандай газетті оқисың? Жалпы оқисың ба? (рэп емес)

Газет оқымаймын. Бірақ «YouTube» деген "газетті” жиі оқимын. (күледі)

Қалай ойлайсың АНА болған қиын ба? Әлде ӘКЕ болған ба?

Екеуі де бірдей қиын.

Шығармашылықпен қанша уақыт айналысам деп ойлайсың?

Білмеймін.

Алтындай уақытыңды бөліп біздің сұрақтарымызға жауап бергеніңе үлкен рахмет Бико а.к.а Домалақ а.к.а Нұрлыбек! Енді біздің порталдың оқырмандарына тілегіңді жолдай кетсең...


Сізге де үлкен рахмет! Маған күнде бірнеше хаттар, сұрақтар келеді. Сіздің арқаңызда 1 оқпен 1000 қоянды өлтірем деген сенімдемін. Оқырмандарға – қазақша рэп тыңдаңдар!

http://kzrap.2x2forum.ru

Вернуться к началу  Сообщение [Страница 1 из 1]

Права доступа к этому форуму:
Вы не можете отвечать на сообщения

 

Создать форум на Forum2x2 | Наука & Образование | История | © PunBB | Бесплатный форум поддержки | Контакты | Сообщить о нарушении | Blog2x2.ru